4 сағат бұрын
Темірлан Мұқатаев жарыстан шығып қалды

Бокстан Семей қаласында ел чемпионатының ширек финалдық бәсекелері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
22 жасқа дейінгі Азия чемпионы, 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Темірлан Мұқатаев жүлдесіз қалды. Олимпиада бағдарламасына енетін 90 келіге ауысуға шешім қабылдаған Темірлан 1/4 финалда Оңталап Рахмановпен (Қызылорда облысы) жұдырық түйістіріп, 2:3 есебімен жол берді.
Осылайша, көпшілік күткен Сағындық Тоғамбай мен Темірлан Мұқатаев арасындағы финалдық айқас өтпейтін болды.
Айта кетейік, жарыстың бас демеушісі - BELES құрылыс компаниясы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
