3 сағат бұрын
Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдама алды

Бокстан Семей қаласында ел чемпионатының ширек финалдық бәсекелері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жаңа 55 келідегі жорығын сәтті жалғастырып жатыр. Ол 1/4 финалда Қарағанды облысының өкілі Нұрислам Бекенмен жұдырықтасып, еш қиындықсыз жеңіске жетті. Айқас барысында да Сәкеннің басымдығы көрініп, төрешілер 5:0 есебін тіркеді.
Енді ол ертең осы салмақта Қазақстан чемпионы саналатын Тимур Қабдешовпен жолығады.
Айта кетейік, жарыстың бас демеушісі - BELES құрылыс компаниясы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
