4 сағат бұрын
Бокстан Қазақстан чемпионатында қай өңірден қанша спортшы шықты?

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан чемпионатында ерлер арасында еліміздің қай өңірінен қанша боксшы шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінен Түркістан облысы 6 спортшы көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда облыстар арасында Жамбыл - 5 Алматы, Шымкент қаласы, Қызылорда облысы - 4 боксшымен тұр.
Ал Ақмола мен Қарағанды облысы - 3, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы - 2, Павлодар, Алматы, Қостанай, Маңғыстау облысы және
Астана қаласы 1 боксшыға сенім артады.
Финалдық кездесулер 21 қазанда өтеді.
Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.
Ел біріншілігінде ерлер арасында 50, 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 90 келіден жоғары салмақта жүлделер сарапқа алынады.
Ал әйелдер арасында боксшылар 48, 51, 54, 57, 60, 65, 70, 75, 80, 80 келіден жоғары салмақта сынға түседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
