6 сағат бұрын
Серік Теміржанов: Бейбарыс Жексенмен 1:1-де болып тұрмыз

Бокстан Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жартылай финалдық бәсекелер жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
60 келіде көпшілік асыға күткен жекпе-жекте әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Оразбек Асылқұловпен кездесті. Өте таза өткен айқаста Серік қарсыласынан қарағанда жеңіл қимылдап, көп соққыларын жылдам әрі бірінші болып дарыта алды. Нәтижесінде ол 5:0 есебімен жеңіске жетті.
«Оразбекпен бала кезден оқу-жаттығу жиындарына барып, араласып келеміз. Жақсы жекпе-жек болды деп ойлаймын. Енді финалда Бейбарыс Жексен күтіп тұр. Ресми жарыста 2 рет кездесіп, 1:1 есебімен тең түсіп тұрмыз. Енді ертең барлығын көре жатармыз. Дайындығым жақсы. Бабындамын», - деді Серік Темірданов.
Айта кетейік, Серік Теміржанов пен Бейбарыс Жексен Ливерпульде өткен әлем чемпионатына бару үшін өзара айқасып, Бейбарыс 3:2 есебімен басым түскен еді.
Енді араға 2 ай салып қос боксшынык жолы финалда қайта түйіскелі тұр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
