4 сағат бұрын
Сабыржан Аққалықов сенімді түрде финалға өтті

Бокстан Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жартылай финалдық бәсекелер жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
75 келідегі басты фаворит Сабыржан Аққалықов 1/2 финалда Өзбекстаннан қоныс аударған Аман Қонысбековпен кездесті. Екінші нөмірде сәтті жұдырықтасатын Сабыржан үш раунд бойы ұпайын түгендеп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов бірер ай бұрын Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында күтпеген жерден бірінші айналымда жарысты аяқтаған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
