12 сағат бұрын
Сәкен Бибосынов - Қазақстан чемпионы

Бокстан Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында финалдық бәсекелері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов биылғы Қазақстан чемпионатында 55 келіге ауысуға шешім қабылдады. Әйтсе де ол финалда үздік саналған Нұрсұлтан Алтынбекке (Қызылорда обл) еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
«Басты мақсатым - жаңа салмақта топ жару еді. Өте қуаныштымын. Нұрсұлтан өзімнің жақсы көретін інім. Финал да өте таза өтті. Енді 26 қазан күні Қырғызстанда кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетемін», - деді Сәкен Бибосынов.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты бүгін мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
