11 сағат бұрын
Сабыржан Аққалықов финалда қарсыласын нокаутқа түсірді

Бокстан Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында финалдық бәсекелері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
75 келідегі көшбасшы Сабыржан Аққалықов кезекті рет мықтылығын дәлелдеді. Ол ақтық сында Астана қаласының спортшысы Тимур Нұрсейітовты қапы қалдырды. Алғашқы раундта сенімді түрде басым түскен Сабыржан одан сайын қарқынын арттырды. Нәтижесінде ол 2-раундта қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.
Сабыржан Аққалықов 2024 жылы 70 келіде топ жарған болатын.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты бүгін мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
