10 сағат бұрын
Сәкен Бибосынов: кәсіпқой бокс кешіне қатысамын

Бокстан Семей қаласында өткен Қазақстан чемпионатында топ жарған Сәкен Бибосынов әлеуметтік желіде өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz
«Ассалаумағалейкум, Қазақ елі!
Алла сүйген құлын сынайды дейді. Әр сынақтың соңында жеңілдік бар демекші — бабым мен бағым қатар шауып, Аллаға сансыз шүкір, Семей қаласында өткен Қазақстан Чемпионатында 55 кг салмақта жеңіске жеттім!
Жаңа салмақ – жаңа белес!
Жаңа салмаққа ауысу оңай болған жоқ, бірақ еңбектің, тәртіптің және сенімнің арқасында бәрі ақталды.
Бұл жолда қолдау көрсеткен бапкерлеріме, отбасым мен жанкүйерлеріме үлкен рақмет!
Енді босансуға болмайды — алда жаңа мақсаттар күтіп тұр!
Алла қаласа, осы айдың 26-сы күні Қырғызстанда өтетін кәсіпқой бокс жарысында ел намысын абыроймен қорғап, жеңіспен оралуды нәсіп етсін!», - деді Сәкен Бибосынов өз парақшасында.
Сәкен Бибосынов - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және 2021 жылы Сербияда әлем чемпионы атанған. Ұзақ жылдар бойы 51 келіде өнер көрсеткен спортшы биыл Олимпиада бағдарламасына кіретін 55 келіге ауысуға шешім қабылдаған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
