4 күн бұрын

Хасанбой Дўсматов Қазақстанға өз құпияларын ашты

Хасанбой Дўсматов Қазақстанға өз құпияларын ашты

Қазақ спорт шолушысы Бек Шымат Өзбекстанға жасаған сапары кезінде екі дүркін Олимпиада чемпионы, әйгілі боксшы Хасанбой Дўсматовпен болған сұхбат жайлы «Бірінші бол» YouTube арнасында айтып берді.

— Жақсы болғаны, қасында қазақ баласы болды — аударып отырды. Дўсматов Сәкен Бибосыновтың кейбір қателіктерін де көрсетті:
«Бірінші раунд біткенде-ақ абыр-сабыр басталды — бапкерлер асығып, сабырын жоғалтты», — деді ол.
Мен одан: «Саған неге “Профессор” деген лақап ат қойған?» — деп сұрадым.
Ол күліп: «2023 жылы Иорданияның астанасы Амманда Азия чемпионаты өтті. Бірінші раундта Сәкен Бибосыновқа 1:4 есебімен ұтылып жаттым. Сол сәтте бапкерім мен бас жаттықтырушы Тулқин Қиличев айқайлап жатты. Мен “маған су мен капа керек” деп айқайладым — ал келесі екі раундта 5:0, 5:0 есебімен жеңдім. Сол кезден бастап маған ешкім нұсқау бермейді, тек жекпе-жекке 2–3 күн қалғанда бағыт береді», — деді Дўсматов.

Бокшы сондай-ақ өз дайындық жүйесін де ашып айтты:

«Жекпе-жекке дейін 70 күн бұрын дайындықты бастаймын. Сол кезде салмағым — 62,7 келі, ал рингке шыққанда — 51,2 келі. Егер менде осындай тәртіп болса, Роналду туралы не айтуға болады? Менде арнайы бақылау жүйесі бар — ұйқы, тамақ, бәрі минутына дейін есептелген», — дейді ол.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дўсматов рингте төрт рет кездескен. Ең есте қаларлық жекпе-жек — Париж-2024 Олимпиадасының ширек финалында (51 кг салмақ дәрежесі), онда өзбек боксшысы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жеткен болатын.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас