3 сағат бұрын
Дәулет Дәукенов: «Нокаутты жоспарламадым, бәрі автоматты түрде орындалды»
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәулет Дәукенов (16-2, 7 КО) Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде кезекті әсерлі жеңісіне қол жеткізді.
Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде Дәукенов Үндістаннан келген Сатнам Сингхты екінші раундта айқын нокаутпен жеңді. Жанкүйерлер арасында «Солақай» деген лақап атпен танымал қазақстандық боксшы бұл кездесуде сенімді өнер көрсетті.
Алғашында оның қарсыласы Иран боксшысы Амирхусейн Арзи (2-1, 2 КО) болуы тиіс еді. Алайда ирандық спортшының елден шығуына рұқсат берілмей, соңғы сәтте Сингх жекпе-жекке қосылды.
— «Біз дайындықты шамамен екі ай жүргіздік. Қарсылас соңғы сәтте ауысқанымен, еш ойланбастан келісім бердім. Жаңа қарсылас туралы көп білмедім, бірақ ол да тәжірибелі екен — 23 жекпе-жекте 17 жеңісі бар. Біз қандай қарсылас болса да дайын болдық. Нокаутқа арнайы дайындалған жоқпын, бәрі автоматты түрде болды. Бірнеше комбинацияны іске асырып, дәл иекке соққы дарыттым», — деді Дәукенов жекпе-жектен кейін.
Орта салмақта өнер көрсететін Дәулет Дәукенов осылайша кәсіби мансабындағы 16-шы жеңісіне жетті. Оның еншісінде WBA Asia, Czech International және WBL Intercontinental белбеулері бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас