3 сағат бұрын

Геннадий Головкин World Boxing президенті қызметіне ресми түрде үміткер атанды

Геннадий Головкин World Boxing президенті қызметіне ресми түрде үміткер атанды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы – World Boxing президенті қызметіне ресми кандидаттар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Sport12.kz

Ұйымның жаңа президентін сайлау 23 қараша күні Рим қаласында (Италия) өтетін World Boxing Конгресі аясында орын алмақ. Сондай-ақ іс-шара барысында федерация Атқарушы комитетінің мүшелері де сайланады. Бүгінгі күні WB құрамына енген 125 елдің өкілі дауыс беруге қатысады.

World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған Халықаралық бокс федерациясы. 2024 жылдың қыркүйегінде Геннадий Головкин WB ұйымының жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Оның негізгі міндеті – бокстың Олимпиада ойындары бағдарламасында сақталуын және World Boxing ұйымының Халықаралық Олимпиадалық комитет (ХОК) тарапынан мойындалуын қамтамасыз ету мақсатында ХОК-пен тығыз ынтымақтастық орнату.

2025 жылдың ақпан айында ХОК World Boxing халықаралық федерациясын уақытша мойындап, оған әлемдік деңгейде боксты қадағалау құқығын берді. Кейін, наурыз айында, Халықаралық Олимпиадалық комитет бокс спортын 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылдады.

Геннадий Головкин – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004), әлем чемпионы (2003). Кәсіби рингте IBF (2015–2018, 2019–2023), IBO (2011–2018, 2019–2023) және WBA (2010–2018, 2022–2023) нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған. Қатарынан 23 жекпе жекте нокаутпен жеңіске жетіп, орта салмақ тарихындағы нокауттардың ең жоғары пайыздық көрсеткіші үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Геннадий Головкин World Boxing президенті қызметіне ресми түрде үміткер атанды

Бокс 3 сағат бұрын

Геннадий Головкин World Boxing президенті қызметіне ресми түрде үміткер атанды

Шұғыла Өмірбек U23 санатындағы әлем чемпионатында тарихи алтынды алды

Күрес 4 сағат бұрын

Шұғыла Өмірбек U23 санатындағы әлем чемпионатында тарихи алтынды алды

Хоккейден Өскемендегі Азия чемпионатының кестесі шықты

Хоккей 5 сағат бұрын

Хоккейден Өскемендегі Азия чемпионатының кестесі шықты

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қоржынымызға екінші алтын түсті

Азия ойындары 5 сағат бұрын

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қоржынымызға екінші алтын түсті

Астанада конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді

Басқа 6 сағат бұрын

Астанада конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді

«Астана» футбол клубы Ербол Қайыровқа жауап беруге дайын екендігін мәлімдеді

Футбол 6 сағат бұрын

«Астана» футбол клубы Ербол Қайыровқа жауап беруге дайын екендігін мәлімдеді