12 сағат бұрын
Димаш Құдайберген Геннадий Головкинді қолдады
Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемге әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қолдағанын жариялады.
«Біздің көрнекті жерлесіміз Геннадий Головкин бүгін Халықаралық бокс федерациясының президенттігіне кандидатурасын ұсынып отыр. Мен әрдайым оның мақсатқа адалдығын, рух күшін және елімізге деген сүйіспеншілігін жоғары бағалаймын. Көптеген жылдар бойы ол Қазақстанның атын әлемдік аренада танытты, ал енді бокс спортын жаһандық деңгейде дамытуға күш салатын болады. Келіңіздер, біздің чемпионды қолдайық!» — деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас