12 сағат бұрын

Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды

Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды

Жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) рингке қайта оралатынын ресми түрде хабарлады. Келесі жекпе-жегі 22 қарашаға белгіленді.

Ахмедов АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өтетін бокс кешінде мексикалық нокаутшы Эдгардо Веласкеспен (16-2, 16 КО) кездеседі. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтеді және он раундқа есептелген.

Бұл кездесу қазақстандық боксшының сәуір айында АҚШ-тағы Коммерс қаласында өткен соңғы жекпе-жегінен кейінгі алғашқы шығуы болмақ. Сол кезде Ахмедов мексикалық Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 КО) тең түскен еді.

Ал Веласкес соңғы рет 2024 жылдың тамыз айында шаршы алаңға шыққан. Ол кезде мексикалық Хосе де Хесус Адаме Чиодан (14-0-1, 6 КО) ұпай айырмасымен жеңіліп қалған болатын.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас