13.05.2023

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды

Санжар Тәшкенбай

Санжар Тәшкенбай Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды.

Жеңіл салмақ дәрежесінде (48 келі) сынға түскен отандасымыз грузиялық Сахил Аллахвердовиді 5:0 есебімен жеңіп, ересектер арасындағы дебюттік Әлем біріншілігінде топ жарды. 

Қазақстандық боксшы жаһандық додадағы алғашқы жекпе-жегінде ринг қожайыны Шодиоржон Меликузиевті 4:1 есебімен жеңді. Ширек финалда жапониялық Казума Аратакені 5:0 (айқын басымдық) есебімен ұтқан Санжар финалға берілетін жолдаманы ресейлік Эдмонд Худояннан жұлып алды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас