05.11.2025
Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионатында бір қолмен жұдырықтасқан
Бокстан Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосыновтың Семейде өткен ел чемпионатында жарақат алғаны мәлім болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл туралы белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов жазба жариялады.
«Сәкен Бибосыновтың оң қолын бинтпен орап, жаттығып жүрген видеосын көрдім. Бұл жарақат Семейде өткен Қазақстан чемпионатында алынды. Финалға дейінгі айқастарда сындырып алған еді. Соған қарамастан Сәкен жарысты жалғастырам деді. Сылтау айтқан жоқ, жарыстан шыққан жоқ. Мырза ағайдың “на характере алып шығасың” деген сөзі бар. Сол қайсар мінездің арқасында ел үздігі атанды. Араға төрт күн салып, кәсіпқой бокста да жеңіске жетті. Не деген табандылық?! Енді әлгі қолмен икемге келетін жаттығуларды істеп, дайындықты да тоқтатпай жатыр», - деді Аслан Қаженов.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов ел чемпионатында жаңа 55 келіде айқасып, чемпион атанған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов