12.11.2025
Бокстан әлем чемпионатының жүлдегері үйленуге шешім қабылдады
Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовтың үйленетіні жайлы ақпарат шықты, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл туралы боксшының таңдауы түскен ayasheeva атты ару әлеуметтік желіде фотосурет жариялады.
Айта кетейік, Дулат Бекбауов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, күміс жүлдегер атанған.
Спортшы өткен айда Семейде өткен Қазақстан чемпионатына белгісіз себептермен қатыспаған еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов