Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

17.11.2025

Теренс Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлына қатысты сұраққа жауап берді

Теренс Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлына қатысты сұраққа жауап берді

Кәсіпқой бокстың жұлдызы Теренс Кроуфорд орта салмақта да абсолютті чемпион болу жайлы The Ring сайтының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz

— Алдағы уақытта не болатынын ойлап көрдің бе? Орта салмаққа ауысу сені шынымен қызықтыра ма? Жәнібекке көз тігiп жүрсің бе?

— Мен демалып, жай ғана тынығып жүрмін. Қазір ештеңе үшін уайымдамаймын. Осы сәтте мен тек балаларымды ғана ойлаймын, басқа ештеңені емес, — деп жауап берді америкалық боксшы.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO, IBF және WBA белбеулері үшін Эрисланди Ларамен чемпиондық жекпе-жегін өткізеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»