Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

17.11.2025

Бокстан Нұрсұлтан Алтынбек Әлем кубогында сенсация авторы атанды

Бокстан Нұрсұлтан Алтынбек Әлем кубогында сенсация авторы атанды

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Алтынбек Үндістанда өтіп жатқан World Boxing ұйымының бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады Sport12.kz.

55 келіде басты фавориттің бірі саналған Нұрсұлтан Алтынбек ширек финалда жергілікті спортшы Паван Бартвалмен кездесіп, күтпеген жерден оған барлық төрешілердің бірдей шешімімен жол берді. Осылайша, үнді спортшысы жартылай финалға өтіп, кем дегенде «қола» жүлдені қамтамасыз етсе, Нұрсұлтан Әлем кубогындағы жолын алғашқы кезеңде аяқтады.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Алтынбек көктемде ғана Бразилияда өткен Әлем кубогы кезеңінің финалында Әлем чемпионы Миразизбек Мирзахалиловты жеңіп, топ жарған еді.

Бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі 20 қарашаға дейін жалғасады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»