17.11.2025
Өзбекстаннан келген боксшы Әлем кубогында жеңіліс тапты
Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан World Boxing ұйымының бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңінде кезекті боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
75 келідегі Аман Қонысбеков ширек финалда Өзбекстан спортшысы Жавоҳир Абдурахимовпен кездесті. Жекпе-жек нәтижесінде Абдурахимов төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Аман Қонысбеков - Өзбекстанның тумасы. Ол 2024 жылы Қазақстанның атынан шығу туралы шешім қабылдаған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов