02.12.2025
Бокстан Өзбекстан құрамасының бапкері: біздің саясатта жұмысымыз жоқ
Бокстан 3-13 желтоқсан күндері аралында Дубайда (БАӘ) өтетін ерлер арасындағы әлем чемпионатының алдында Өзбекстан құрамасының бапкері Рахматжон Рузиахунов өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz
«Қазақстан құрамасы ұзақ жылдардан кейін біздің жерімізге келіп, бірге әлем чемпионатына дайындалдық. Негізі ерте бастан осылай жаттығуымыз қажет еді деп ойлаймын. Алдағы уақытта бұл дәстүр жастар мен жасөспірімдер құрамасымен де жалғасса деймін. Енді жеребеде Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары финалда бірақ жолықса деп тілеймін», - деді Өзбекстан құрамасының бапкері Рахматжон Рузиахунов.
Сондай-ақ ол боксшылардың World Boxing ұйымы мен IBA ұйымының турниріне де мықты құрам апаратынының себебін түсіндірді.
«Біздің саясатта жұмысымыз жоқ. Әр спортшының бағын байламай, барынша мүмкіндік беруге тырысамыз. IBA ұйымы да боксшыларға қомақты сыйақы тігіп отыр. Осы орайда боксшылардың теккен төрі еш кетпесе екен деймін. Алдағы жаһандық додада біз әлем чемпиондарын да, жас боксшыларды да әкелдік», - деп Өзбекстан құрамасының бапкері Рахматжон Рузиахунов өз сөзін түйіндеді.
Айта кетейік, IBA ұйымы желтоқсандағы әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған қомақты 8 миллион АҚШ долларын тағайындады. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпазы 300 000 АҚШ доллары, күміс жүлдегерге 150 000 АҚШ доллары, қола жүлдегерге 75 000 АҚШ доллары, бесінші орынға 10 000 АҚШ доллары табысталады. Сыйақының 50%-ы боксшыға, 25%-ы бапкерге, 25%-ы федерацияға беріледі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов