5 күн бұрын

IBA аясында бокстан әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылды

IBA аясында бокстан әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылды

Бүгін Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында Халықаралық бокс федерациясы (IBA) аясында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Биыл дүбірлі додаға жер-жаһанның 95 елінен былғары қолғап шеберлері келді.

IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар – 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер – 150 мың доллар, қола жүлдегерлер – 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.

Айта кетейік, 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 107 елдің боксшылары сынға түскен болатын. Ал алдағы жаһандық дода бойынша әлі нақты ақпарат шықпады. 

IBA әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасының тізімі:

48 кг – Теміртас Жүсіпов

51 кг – Даниял Сәбит

54 кг – Сәкен Бибосынов

57 кг – Оразбек Асылқұлов

60 кг – Серік Теміржанов

63,5 кг – Ертуған Зейнуллинов

67 кг – Санатәлі Төлтаев

71 кг – Абылайхан Жүсіпов

75 кг – Сабыржан Аққалықов

81 кг – Ерасыл Жақпеков

86 кг – Дәулет Төлемісов

92 кг – Нұрмұхамед Юсупов

+92 кг – Нұрлан Сапарбай

Халықаралық бокс федерациясының (IBA) президенті Умар Кремлев жеребе тарту рәсімін 3 желтоқсанға шегеру жайлы мәлімдемесін жасады. Сәйкесінше іріктеу жекпе-жектері де енді 4 желтоқсанда басталады.

Айта кетсек, әлем чемпионатында 5 боксшымыз тұсаукесер жекпе-жегін өткізеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас