Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

02.12.2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті ме?

Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті ме?

Фото: No Limit Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лара жекпе-жегі өтпеу қалуы қаупі туындап отыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

Белгілі инсайдер Майк Коппингердің айтуынша, бұл жағдай Жәнібектің допинг сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты туындап отыр. Салдарынан алдағы жекпе-жек өтпеу қалуы әбден мүмкін.

Оның айтуынша, қазақстандық боксшының сынамасы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке тапсырған сәттен-ақ оң нәтиже бергені анықталған. Алайда Жәнібектің ағзасынан қандай зат табылғаны туралы ақпарат белгісіз болып отыр. 

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лараның жекпе-жегінің өтпеу қалу қаупі бар. Әоине, Лара жекпе-жек өткізе алады. Өйткені ол WBA белбеуін басқа қарсыласқа қарсы қорғай алады.

Бұл жөнінде әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»