03.12.2025
Теренс Кроуфорд чемпиондық белбеуінен айырылды
38 жастағы америкалық, әлі жеңіліс көрмеген Теренс Кроуфорд екінші орта салмақтағы WBC белбеуінен айырылды, деп хабарлайды Sport12.kz
Мұндай шешімге себеп – Теренстің WBC желісі бойынша барлық чемпиондар төлеуге міндетті комиссиялық жарнаны төлемеуі. Оның мөлшері Сауль Альвареспен қыркүйек айында өткен жекпе-жек үшін 300 мың долларды құраған. Белгілі болғандай, екінші орта салмақтағы WBC белбеуін енді Хамза Шираз бен Кристиан Мбилли өзара сарапқа салады.
Қазір Кроуфордтың еншісінде WBA Super, IBF, WBO және The Ring титулдары бар.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов