04.12.2025
Жәнібек Әлімханұлының командасына допинг дауы бойынша күмән туды
WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер Дмитрий Кудряшов қазақстандық WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесті оң нәтиже көрсетуіне байланысты жағдайды бағалады.
Кудряшовтың айтуынша, бұл оқиға «жағымсыз жағдай» болып тұр.
«Милдронатты допинг деп айту қиын. Ол боксқа ешқандай артықшылық бермейді. Бұрын спорттық дәрігерлер жүрек бұлшықетін қолдау үшін бәрімізге жазып беретін. Қазір тек оның метаболиттері табылған. Жәнібектің командасы мельдонийдің тыйым салынған заттар тізімінде екенін білмеуі мүмкін емес деп ойлаймын», — деді ол.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!