7 сағат бұрын

IBA: Бокстан әлем чемпионатын қайдан көруге болады? (Тікелей эфир)

IBA: Бокстан әлем чемпионатын қайдан көруге болады? (Тікелей эфир)

Бүгін бокстан Дубайда (БАӘ) IBA ұйымының ерлер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Өкінішке қарай, жаһандық доданы еліміздің басты Qazsport телеарнасы көрсетпеу жайлы шешім шығарды.

Әйтсе де әлемдік доданы төмендегі сілтеме арқылы көрсеңіз болады тікелей эфир

Ел құрамасынан бұл күні 4 желтоқсанда Нурмагамед Юсупов (92 келі) шаршы алаңға шығады. Ол тәжікстандық Навруз Джафоевпен күш байқасады.Жекпе-жек Қазақстан уақытымен түнгі 12-ден кейін басталады.

IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар – 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер – 150 мың доллар, қола жүлдегерлер – 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас