3 сағат бұрын
(ФОТО) IBA: бокстан Санатәлі Төлтаев келесі айналымға өтті
Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында екінші отандасымыз келесі айналымға өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
67 келі салмақта бақ сынаған Санатәлі Төлтаев 1/16 финалда Замбия өкілі Джеральд Кабиндамен кездесті. Тартысқа толы айқас 4:1 есебімен жерлесіміздің пайдасына аяқталды. Ол 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы.
Айта кетейік, Санатәлі Төлтаев бұған дейін 2021 және 2023 жылдары әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткен еді.






Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов