Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

06.12.2025

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін ерте аяқтады

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін ерте аяқтады

Фото: Тахир Хамракулов

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 6 желтоқсанда ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (54 келі) қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде ботсваналық Катего Кеорапетсемен шеберлік байқасты.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы ширақ қимылдады. Соған қарамастан жекпе-жек үш раундқа созылды. Төрешілер шешімімен жеңіс Сәкенге берілді.

Сәлден кейін Даниял Сәбит (51 келі) кениялық Келвин Майнамен шаршы алаңға шығады.

Сәкен Бибосынов - ұлттық құрама сапындағы тәжірибелі боксшының бірі. 1992 жылы дүниеге келген былғары қолғап шебері 2020 жылы Токио Олимпиадасында қола алса, әлем чемпионатында 2021 жылы - алтын, 2019 жылы - қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ Азия чемпионатында күміс (2022) және қола (2021) жүлдегер атанды. 

Енді ел құрамасынан соңғы жекпе-жекті Серік Теміржанов (60 келі) моңғолиялық Эрдэнэбатын Цэндбаатарға қарсы өткізеді. 

Айта кетсек, қазірге дейін отандастарымыз арасынан Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар – 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер – 150 мың доллар, қола жүлдегерлер – 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»