Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

07.12.2025

Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар сегізінші жеңісіне жетті

Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар сегізінші жеңісіне жетті

Фото: Тахир Хамракулов

Қазақстандық Серік Теміржанов (60 келі) Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде моңғолиялық Эрдэнэбатын Цэндбаатармен қолғап түйістірді. Төрешілер шешімімен ол қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Сәкен Бибосынов (54 келі) ботсваналық Катего Кеорапетсенің осал тұсын тапты.

Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Сабыржан Аққалықов (75 келі) Сейшель аралдарынан келген Джошуа Аарон Кузинді екінші раундта нокаутқа жіберіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал Даниял Сәбит (51 келі) кениялық Келвин Майнаның осал тұсын тапты.

Айта кетсек, қазірге дейін отандастарымыз арасынан Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»