07.12.2025
Оразбек Асылқұлов IBA аясындағы әлем чемпионатын сәтті бастады
Фото: Тахир Хамрақұлов
Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 7 желтоқсанда ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (57 келі) сынға түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз бұл жолы Кабо-Верде өкілі Элизандру Саншеш да Силвамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы екі раундта басымдық танытты. Үшінші кезеңде де сол қарқыннан бәсеңдеген жоқ. Төрешілер шешімімен бірауыздан Оразбек жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Енді кешкі сессияда Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) моңғолиялық Даваадал Алтангэрэл, Абылайхан Жүсіпов (70 келі) армениялық Арарат Арутюнянмен қолғап түйістіреді.
Кешкі сессия Қазақстан уақытымен 22:00-ге белгіленген.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Даниял Сәбит (51 келі), Сәкен Бибосынов (54 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»