3 күн бұрын

Бүгін бокстан әлем чемпионатында шаршы алаңға кімдер шығады?

Бүгін бокстан әлем чемпионатында  шаршы алаңға кімдер шығады?

Фото: Қазақстан ҰОК

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 8 желтоқсанда ел құрамасынан жеті боксшы сынға түседі, деп хабарлайды Sport12.kz.

IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.

67 келі. Санатәлі Төлтаев - Касио Сантос Оливьера (Бразилия)

80 келі. Ерасыл Жақпеков - Джамбулат Бижамов (Ресей)

92 келі. Нурмагамед Юсупов - Энмануэль Рейес (Испания)

92 келіден жоғары. Нұрлан Сапарбай - Иман Рамизанпурделвар (IBA-PRO)

48 келі. Теміртас Жүсіпов - Девендра сингх Саланди (Үндістан)

75 келі. Сабыржан Аққалықов - Таухиримати Тохерири-Халлит (Жаңа Зеландия)

60 келі. Серік Теміржанов - Эндрю Чилата (Замбия)

Биыл дүбірлі додаға жер-жаһанның 95 елінен былғары қолғап шеберлері келді.

Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионаты алдында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бірлескен оқу-жиынын өткізді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас