3 сағат бұрын

IBA: Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатының ширек финалына шықты

IBA: Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) 2025 жылғы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

67 келі салмақта бақ сынаған Санатәлі Төлтаев 1/8 финалда Бразилия өкілі Касио Сантос Оливейрамен жұдырық түйістірді. Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ шеберлігі жоғары екенін көрсетіп, соққы алмасуында дәлдік танытты. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Санатәліге берді.

Жерлесіміз бұған дейін 1/16 финалда Замбия өкілі Джеральд Кабинданы да жеңген болатын.

 Санатәлі Төлтаев бұған дейін 2021 және 2023 жылдары әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткен еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас