3 сағат бұрын
IBA: Ерасыл Жақпековтың әлем чемпионатындағы жеңісін тартып алды
Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) 2025 жылғы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
80 келі салмақта өз мүмкіндігін алған Ерасыл Жақпеков 1/8 финалда 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Джамбулат Бижамовпен (Ресей) жолықты. Алғашқы раундта Ресей боксшы алға шыққанымен, жерлесіміз 3-раундта айқастың тағдырын түбегейлі өзгертіп жіберді. Ерасыл өзінің ауыр соққыларымен қарсыласты теңселтіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетуге жақын болды. Алайда төрешілер басқаша шешім қабылдап, 4:1 есебімен Джамбулатты жеңімпаз деп таныды.
Осылайша Қазақстан құрамасы сапынан алғашқы боксшы жарыс жолынан шықты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов