2 сағат бұрын

IBA: әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының екінші боксшысы жарыстан шықты

IBA: әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының екінші боксшысы жарыстан шықты

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) 2025 жылғы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

92 келі салмақта дебют жасаған Нурмагамед Юсупов 1/8 финалда басты фавориттердің бірі, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Эммануэль Рейеспен (Испания) кездесті. 3 раундқа жалғасқан айқаста Испания боксшысы тәжірибесінің арқасында жеңіске жетті.

Айта кетейік, Эммануэль Рейес Токио Олимпиадасында жерлесіміз Василий Левитті нокаутқа түсірген еді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы сапынан 80 келідегі Ерасыл Жақпеков те жарыс жолын аяқтаған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас