09.12.2025

Қазақстандық боксшыны жеңген Джамбулат Бижамов даулы жекпе-жек жайлы ойымен бөлісті

Қазақстандық боксшыны жеңген Джамбулат Бижамов даулы жекпе-жек жайлы ойымен бөлісті

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) 2025 жылғы әлем чемпионатында 80 кг салмақта сынға түскен Ерасыл Жақпеков 1/8 финалда 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Джамбулат Бижамовпен (Ресей) кездесіп, тартысты жекпе-жек өткізді. Кездесу Ресей боксшысының жеңісімен аяқталды. Көптеген сарапшылар жекпе-жек нәтижесін әділетсіз деп бағалап, төрешілерге наразылық білдірген еді.

Ресейлік боксшы Джамбулат Бижамов жекпе-жектен кейін өз ойын ортаға салды:

«Жекпе-жекті қайта қарап шығуым керек. Жалпы екінші раунд тең болды деп ойлаймын, бірақ жеңіс маған берілді. Ал үшінші раундта жеңісті өзім жұлып алдым. Қарсыласым Қазақстаннан өте мықты болды, ең мықты қарсыластарымның бірі деп айта аламын», — деді Бижамов.

Айта кетейік, қос боксшы турнирдің екінші кезеңінде жолыққан болатын.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!