2 күн бұрын
IBA: Сабыржан Аққалықов техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалы басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жастар арасында әлем чемпионы, 75 келідегі Сабыржан Аққалықов 1/4 финалда Израиль спортшысы Мирослав Капулер-Ищенкомен өзара мықтыны анықтады. Алғашқы раундта-ақ қарсылас шабуылға шыққанымен, Сабыржан жойқын соққысымен жауап берді. Нәтижесінде төреші 1-раундта айқасты тоқтатты.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов қыркүйек айында Ливерпульде өткен жаһандық додада сенсациялық жеңіліске ұшырап еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов