14 сағат бұрын
IBA: Өзбекстан боксшысы Сабыржан Аққалықовпен айқасудан бас тартты
Бүгін Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жастар арасында әлем чемпионы, 75 келідегі Сабыржан Аққалықов 1/2 финалда әлем чемпионы Фазлиддин Еркинбоевпен шығуы тиіс еді. Алайда Өзбекстан спортшысы рингке шығудан бас тартты. Осылайшс, отандасымыз финалға жекпе-жексіз жолдама алды.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов қыркүйек айында Ливерпульде өткен жаһандық додада сенсациялық жеңіліске ұшырап еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов