4 күн бұрын

Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатында төрешілер қиянатын көрді

Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатында төрешілер қиянатын көрді

Фото: Тахир Хамракулов

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз жартылай финалда ресейлік Илья Поповпен қолғап түйістірді. Алғашқы минуттан қарсыласына көбірек соққы жұмсаған қазақстандық боксшы бірінші раундты 4:1 есебімен аяқтады. Екінші раундта ресейлік спортшының аздаған басымдығы байқалды. Дегенмен аталған жекпе-жекте төрешілер тарапынан бұра тарту көрініс берді. Салдарынан олардың әділетсіз шешімі салдарынан отандасымыз қарсыласынан жеңіліс тапты.

Енді қазақстандық боксшылар арасынан Абылайхан Жүсіпов (71 келі) шаршы алаңға шығады.

Айта кетсек, бүгін Сабыржан Аққалықов (75 келі) жартылай финалдағы қарсыласы өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоевтың жарысты жалғастырудан бас тартуына байланысты бірден финалға шықты.

Сондай-ақ Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі) енді әлем чемпионатында алтынға таласады. 

Ал Теміртас Жүсіпов (48 келі) жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянға есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Ал қазақстандық Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас