4 күн бұрын

Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты

Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты

Фото: Тахир Хамракулов

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (71 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық боксшы финалға берілетін жолдаманы қырғызстандық Ихтияр Нишоновпен сарапқа салды. Жекпе-жек барысында ол сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде төрешілер шешімімен Абылайхан жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Абылайхан Жүсіпов бұдан бұрын 2017, 2019, 2021 жылдары әлем чемпионаты қола жүлдегері атанған еді. Осылайша ол әлем чемпионатында алғаш рет финалға шығып отыр.

Сондай-ақ Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) енді әлем чемпионатында алтынға таласады. 

Ал Теміртас Жүсіпов (48 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Ал қазақстандық Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас