4 күн бұрын

Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары анықталды

Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары анықталды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионаты финалында қазақстандық төрт боксшы сынға түседі., деп хабарлайды Sport12.kz.

Ел құрамасынан Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында алтынға таласады. 

54 келі. Сәкен Бибосынов - Вячеслав Рогозин (Ресей)

57 келі. Оразбек Асылқұлов - Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)

71 келі. Абылайхан Жүсіпов - Сергей Колденков (Ресей)

75 келі. Сабыржан Аққалықов - Исмаил Муцольгов (Ресей!

Ал Теміртас Жүсіпов (48 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ қазақстандық Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас