4 күн бұрын
Өзбекстан құрамасының қазағы әлем чемпионатының финалына шықты
Бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсетіп жүрген Арман Маханов жартылай финалда жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Ол аса ауыр салмақта (92+ кг) армениялық тәжірибелі супертяж Давит Чалоянмен жұдырықтасты.
Тартысты өткен раундтардан кейін төрешілер жеңісті Махановқа бөлінген шешіммен тапсырды. Осы жеңіс этникалық қазақ боксшысына әлем біріншілігінің финалына шығуға мүмкіндік берді. Ал Чалоян турнирді қола медальмен тәмамдады.
Маханов үшін финал маусымдағы басты сын болмақ. Алтын үшін өтетін шешуші жекпе-жекте ол Ресей боксшысы Давид Суров пен Әзербайжаннан келген Махаммад Абдуллаев арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.
2025 жылғы әлем чемпионатының финалдық шайқастары 13 желтоқсанда Дубайда өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас