3 күн бұрын

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Дубайдағы әлем чемпионатына болжамын жасады

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Дубайдағы әлем чемпионатына болжамын жасады

Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев Дубайда өтіп жатқан IBA ұйымының жаһандық додасының финалына болжамын жасады, деп хабарлайды Sport12.kz

"Дубайға боксшыларымды қолдау үшін келдім. Финалға шыққан 4 отандасымыз да қара жаяу емес. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Абылайхан Жүсіпов, жастар арасында әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Оразбек Асылқұлов лайықты түрде ақтық сынға жолдама алды. Енді оларға 3 Ресей және 1 тәжік өкілі қарсылас атанады. Ресейдің 12 спортшысы финалға шыққанын ескерсек, оңай болмайтындығы түсінікті", - деп айтты Серік Сәпиев.

Сондай-ақ ол төрешілерге қатысты өз пікірін білдірді.

"Ал Ертуған Зейнуллинов пен Санатәлі Төлтаевқа қатысты ешнәрсе айта алмаймын. Өйткені Қазақстанда әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетіп жатқан жоқ. Көрмеген соң, бірдеңе деу қиын", - деп Серік Сәпиев өз ойын тәмамдады.

Айта кетейік, ертең, 13 желтоқсан күні 4 отандасымыз әлем чемпионатындағы шешуші айқастарын өткізеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас