3 күн бұрын
Бокстан Қазақстан кубогында қай құрамалар сынға түседі?
Фото: Қазақстан ҰОК
Астанада 13-14 желтоқсан күндері Қазақстан бокс федерациясы кубогінің ақтық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын жоба аймақтардағы боксты дамытуға бағытталған.
Топтық кезең нәтижесінде Астана, Шымкент қалалары, Қарағанды және Маңғыстау облыстары ақтық сынға өтті.
Жарыс күнтізбесі
13 желтоқсан - жартылай финалдық кездесулер (ерлер және әйелдер, барлығы 15 салмақ дәрежесі).
14 желтоқсан - үшінші орын үшін және бірінші орын үшін кездесу.
Ширек финал сатысында А тобындағы жекпе-жектер 22-28 қыркүйек аралығында Тараз қаласында өтті. Онда Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары, Шымкент, Алматы қалаларының боксшылары сынға түсіп, Шымкент қаласы жеңімпаз атанды.
Астана қаласында 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында В тобында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстары және Астана қаласының құрамалары шаршы алаңға шықты. Елордалық былғары қолғап шеберлері жартылай финалға жолдама алды.
С тобындағы жекпе-жектер 22-28 қыркүйек аралығынд Семей қаласында өткізілді. Онда Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Қарағанды, Абай облыстары бақ сынап, Қарағанды облысының боксшылары жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ 3-9 қараша аралығында D тобында Ақтау қаласында Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары шаршы алаңға шығып, Маңғыстау облысының спортшылары жартылай финалға өтті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас