3 күн бұрын

Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар қай уақытта шығады

Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар қай уақытта шығады

Фото: Қазақстан ҰОК

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың қай уақытта шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ел құрамасынан Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов және Абылайхан Жүсіпов финалда жұдырықтасады. 

18:30. 54 келі. Сәкен Бибосынов - Вячеслав Рогозин (Ресей)

18:45. 57 келі. Оразбек Асылқұлов - Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)

19:45. 71 келі. Абылайхан Жүсіпов - Сергей Колденков (Ресей)

20:00. 75 келі. Сабыржан Аққалықов - Исмаил Муцольгов (Ресей).

Аталған додада бақ сынаған отандастарымыз Теміртас Жүсіпов (48 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ қазақстандық Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас