3 күн бұрын
Қазақстандық нокаутшы екі жеңілістен кейін рингке қайта оралады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Александр Ковригин (8-2, 6 KO) келесі жекпе-жегінің өтетін күнін білді.
Ali Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясының мәліметінше, Ковригиннің рингке қайта оралуы 27 желтоқсанға жоспарланған. Жекпе-жек Алматы қаласында өтеді. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, Александр Ковригин соңғы екі кездесуінде жеңіліске ұшыраған. Екі жекпе-жек те Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WBC ұйымдастырған жартылай жеңіл салмақтағы Гран-при аясында өтті. 17 сәуірде ол америкалық Трой Нэшке (5-0-1, 1 KO) төрешілердің бөлек шешімімен жол берсе, 21 маусымда нигериялық Юсуф Адениджиден (17-1, 10 KO) төрешілердің көпшілік шешімімен жеңілді.
Алдағы жекпе-жек қазақстандық боксшы үшін жеңісті жолға қайта түсуге мүмкіндік болмақ.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас