1 күн бұрын

Бокстан ӘЧ: Оразбек Асылқұлов Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Бокстан ӘЧ: Оразбек Асылқұлов Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Фото: Тахир Хамракулов

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалда ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (57 келі) алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз алтын жүлдені тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен сарапқа салды. Бірінші раундта төрешілер Оразбектің басымдығына қолдау білдірді. Одан кейінгі раундтарда да Оразбек қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Нәтижесінде қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды.

Енді ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (71 келі) ресейлік Сергей Колденков, Сабыржан Аққалықов (75 келі) ресейлік Исмаил Муцольговпен қолғап түйістіреді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Аталған додада бақ сынаған отандастарымыз Теміртас Жүсіпов (48 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ қазақстандық Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас