1 күн бұрын
Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атануға не себеп болғанын айтты
Фото: Тахир Хамракулов
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосынов (54 келі) алған медалі жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз финалда ресейлік Вячеслав Рогозинді тізе бүктіріп, ол екі дүркін әлем чемпионы атанды.
- Жекпе-жек оңай болған жоқ. Әлем чемпионатына барлығы тәжірибелі боксшыларды алып келеді. Ресейлік спортшы мен үшін әлем чемпионатындағы ең қиын қарсылас болды. Жас болса да өзін жақсы қырынан таныта білді. Үшінші раунд екеуіміз үшін де маңызды еді. Екінші раундта мен жеңіске жеттім. Қазақта "Біреудің тағымен талассаң да бағымен таласа алмайсың" деген сөз бар. Әлем чемпионатында тағы бір мәрте бағымның жанғанына қуаныштымын. Жеребе де сәтті түсті деп ойлаймын. Дүбірлі додаға дейін жарақатымнан емделдім. Соған қарамастан мақсатыма жеттім. Әлем чемпионы атандым. Алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістікке жетуге бар күшімді саламын, - деді Сәкен Бибосынов.
Sport12.kz. тілшісі "Екі дүркін әлем чемпионы атанғанда қандай көңіл-күйде тұрсыз?" деген сауал қойды.
"Қазірге дейін Сәкен Сәпиев, Махмуд Сабырхан секілді боксшылар екі дүркін әлем чемпионы атанды. Олардың қатарына қосылғаныма қуанышытымын. Енді әлем чемпионатынан кейін біршама демалып, келесі жарыстарға дайындаламын. Алдағы уақытта үлкен жетістіктермен қуантқым келеді" деді ол.
Сондай-ақ ел құрмасынан Оразбек Асылқұлов (57 келі) алтын әлем чемпионы болды.
Енді ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (71 келі) ресейлік Сергей Колденков, Сабыржан Аққалықов (75 келі) ресейлік Исмаил Муцольговпен қолғап түйістіреді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Аталған додада бақ сынаған отандастарымыз Теміртас Жүсіпов (48 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ қазақстандық Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас