1 күн бұрын

Оразбек Асылқұлов: финалдағы жекпе-жек өте ауыр өтті

Оразбек Асылқұлов: финалдағы жекпе-жек өте ауыр өтті

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында әлем чемпионы атанған Оразбек Асылқұлов (57 келі) жетістікке жетуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Оразбек Асылқұлов (57 келі) финалда тәжікстандық Хусравхон Рахимовті тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.

- Маған қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Финалдағы жекпе-жек өте ауыр болды. Тартысты жекпе-жек өтті. Қай раундта да ұпай қорын молайтуға күш салдым, - деді Оразбек Асылқұлов. 

Сондай-ақ ел құрмасынан Оразбек Асылқұлов (57 келі) алтын әлем чемпионы болды. 

Енді ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (71 келі) ресейлік Сергей Колденков, Сабыржан Аққалықов (75 келі) ресейлік Исмаил Муцольговпен қолғап түйістіреді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Сәкен Бибосынов (54 келі) екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Аталған додада бақ сынаған отандастарымыз Теміртас Жүсіпов (48 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ қазақстандық Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас