1 күн бұрын
Үшінші чемпион: Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында алтын алды
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында атанған Абылайхан Жүсіпов (71 келі) алтын медаль алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық былғары қолғап шебері ресейлік Сергей Колденковпен қолғап түйістірді. Алғашқы екі раундта Абылайхан қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Шешуші раундта да оның басымдығы байқалды. Нәтижесінде ол қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атағын алғаш рет жеңіп алды.
Абылайхан Жүсіпов бұдан бұрын 2017, 2019, 2021 жылдары әлем чемпионаты қола жүлдегері атанған еді. Осылайша ол әлем чемпионатында алғаш рет финалға шығып отыр.
Енді ел құрамасынан Сабыржан Аққалықов (75 келі) ресейлік Исмаил Муцольговпен қолғап түйістіреді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі) әлем чемпионы атанды.
Аталған додада бақ сынаған отандастарымыз Теміртас Жүсіпов (48 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ қазақстандық Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас