1 күн бұрын
Бокстан әлем чемпионатында төрешілер Сабыржан Аққалықовтың жеңісін «ұрлап» алды
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Енді ел құрамасынан Сабыржан Аққалықов (75 келі) ресейлік Исмаил Муцольговпен қолғап түйістіреді.
Жекпе-жек барысында отандасымыз белсенді қимыл көсретуге тырысты. Қарсыласына көбірек соққы жұмсауға тырысты. Десе де төрешілер тарапынан бұра тарту байқалып тұрды. Салдарынан ол қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Осылайша төрешілер қазақстандық боксшының тағы бір жеңісін жеңісін «ұрлап» алды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі) әлем чемпионы атанды.
Аталған додада бақ сынаған отандастарымыз Теміртас Жүсіпов (48 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ қазақстандық Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас