1 күн бұрын
Қазақстан бокс федерациясы кубогы финалына қай құрамалар шықты?
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан бокс федерациясы кубогы финалына шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін, 13 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясы кубогының жартылай финалы өтті. Алғашқы жартылай финалда Қарағанды облысы мен Шымкент қаласының былғары қолғап шеберлері күш сынасты. Бұл жолы шымкенттік спортшылар ширақ қимылдай білді. Нәтижесінде қарсыласынан 9:6 есебімен басым түсіп, финалға берілген жолдаманы қалтаға басты.
Тағы бір жартылай финалда Маңғыстау облысы мен Астана қаласы боксшыларының жолы түйісті. Қарсыластар тартысты жекпе-жек өткізді. Маңғыстаулық боксшылар 8:7 есебімен жеңіп, енді алтын медальды сарапқа салуға мүмкіндік алды.
Шымкенттік спортшылар ширек финалда А тобында 22-28 қыркүйек аралығында Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары, Алматы қалаларының боксшылары сынға түсіп, үздік көрінген еді.
Ал астаналық боксшылар 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында В тобында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстары құрамаларын артқа қалдырып кетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас